Павлодар облысында өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жазаланды

Zakon.kz
Өрт қаупі бар маусым басталғалы саяжай аумақтарында 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 7 әкімшілік айыппұл салынып, 1 ескерту жасалды.

Өрт қаупінің артуына байланысты ТЖК-ның аумақтық бөлімшелері және ішкі істер органдары тұрақты түрде ормандар мен далалы алқаптарда өрт қауіпсіздігін бұзушыларды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Павлодар облысында жергілікті полициямен және атқарушы органдармен бірігіп рұқсат етілмеген өртті ұйымдастыру мен өрт қауіпсіздігін сақтамауға қатысты фактілер анықталды, деп жазады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Рейд қорытындысы бойынша, ауылшаруашылық алқапта рұқсат етілмеген өрт ұйымдастырған 3 факті анықталды. Сонымен қатар өрт қаупі бар маусым басталғалы саяжай аумақтарында 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 7 әкімшілік айыппұл салынып, 1 ескерту жасалды.

Фото:24.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью