Ақмола облысының шалғай ауылында майдангерлерге арналған ескерткіш ашылды

Zakon.kz
Майдангер батырларға арналған ескерткіш Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында орнатылды.

Ақмола облысының Аршалы ауданында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш салтанатпен ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» мәлімдегендей, майдангер батырларға арналған ескерткіш Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында орнатылды.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Азамат Тайжанов мемориалды орнатуға атсалысқандардың барлығына алғыс айтты.

«Бұл ескерткіш әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі мен өрлігінің өшпес белгісі болып қалсын», – деді аудан басшысы.

«Ескерткіш өмірден өткендерге емес, бүгінгі және келешек ұрпаққа қажет. Олардың отансүйгіштігі, биік адамгершілік қасиеттері жастарға үлгі», – деді ауыл ақсақалы Тоқабай Жиренбаев.

Жергілікті ақын ескерткіштің ашылуына жыр арнады. Аймаққа танымал ақын Нина Павленко Екінші дүниежүзілік соғыстағы майдангер жерлестерінің ерлігі туралы жазған өлеңін оқыды. Сондай-ақ ҰОС ұрпақтары да сөз алды.

Ескерткішті аудан басшысы мен елордадан келген құрметті қонақ, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев ашып, мұнан соң жиналған жұрт гүл шоқтарын қойды.

Фото:www.ku66.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Опубликовано штормовое предупреждение на 21 сентября

Как появилось самое радиоактивное озеро в Казахстане и можно ли там ловить рыбу

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру