ОҚО-да қымбат көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Zakon.kz
Жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына қарамастан, көлік жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген бөлігіне шығып, жүйткүй бастаған.

Оңтүстік Қазақстан облысында Chrysler жеңіл көлігі аударылып, түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы 24.kz арнасы, ОҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Жол апаты Тұрар Рысқұлов кентінің маңында республикалық маңызы бар Алматы-Термез тасжолының 635 шақырымында болған. Жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына қарамастан, көлік жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген бөлігіне шығып, жүйткүй бастаған. Жолай шетелдің қымбат машинасы бірнеше рет аунап түсіп, кейін сау-тамтығы қалмай жанып кеткен.

Абырой болғанда, жүргізуші жаншылған көліктің ішінен шығып үлгерген, дейді құзырлы орган өкілдері.

Қ.Жүнісбеков

Фото:www.canal3.md

Туркестанская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500