Павлодарлық үш тұрғын орталық мешіттен ұялы телефон ұрлаған жасөспірімді кешірді

Zakon.kz
Жеткіншек алдымен 2016 жылы 5-сәуір күні кешкі сағат сегіз жарымда "Билайн" байланыс нөмірі бар 40 мың теңге тұратын "НТС" маркалы телефонды жымқырып кеткен.

Павлодар облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде ілінулі тұрған киімдердің қалтасынан үш мәрте ұялы телефон ұрлаған 16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, жеткіншек алдымен 2016 жылы 5-сәуір күні кешкі сағат сегіз жарымда "Билайн" байланыс нөмірі бар 40 мың теңге тұратын "НТС" маркалы телефонды жымқырып кеткен. Бұдан әрі дәл осы күні кешкісін осылайша құпия жолмен «SamsungAce-4» маркалы ұялы телефонын ұрлап, 35 мың теңге материалдық шығын келтірген. Бұл әрекетін одан әрі жалғастырған сотталушы келесі күні тағы бір азаматтың спорттық киімінің қалтасынан «Lenovo» телефоны мен 8гб флешкартасын қолды қылып, зардап шегушіні 51560 теңге шығынға батырған.

- Сот отырысында жасөспірім мен оның заңды өкілі, зардап шеккен үш азамат дауды медиация тәртібінде шешуді ұсынып, кәсіби медиатордың қатысуымен татуласты. Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушы кешірім сұрап, келтірілген шығынның орнын толтырды. Сот қаулысымен жеткіншек ҚР ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 2-тармақшасы және 188-баптың 1-бөлігі - "ұрлық, бірнеше мәрте ұрлық жасау" бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. ҚР ҚК-тің 68-баптың 1-бөлігі негізінде зардап шегушілердің татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды, - деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Омар Еркін

Фото: www.uralskweek.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана