«Астана» АХҚО құрудан келетін экономикалық пайда 40 млрд долларды құрауы мүмкін

Zakon.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың нәтижесінде алдағы он жылдың ішінде 40 млрд АҚШ долларын тартуға болады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың нәтижесінде экономикалық пайда 40 млрд долларды құрауы мүмкін, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудың нәтижесінде алдағы он жылдың ішінде 40 млрд АҚШ долларын тартуға болады. Орталық аясында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, халықаралық қаржы орталығында Торонто биржасы үлгісінде жер қойнауын пайдаланушылардың алаңын құру жоспарланып отыр. Ол жерде әрбір компания өз жобаларын дамыта алады», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлемнің көптеген елін жобаға тарту жоспарланып отырғандығын атап өтті.

«АХҚО аясында визасыз жұмыс істейтін мемлекеттердің санын арттыру жоспарланған. Қазір ондай елдердің саны 35 болса, бір-екі жылдан кейін олардың саны 54-ке дейін жетеді. Негізгі мақсат – ел экономикасына шетелдік қаржыны көптеп тарту», - деп баса айтты Президент.

Фото: www.info-tses.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды