Биыл Қазақстанда 20-дан астам бала суға кеткен

Zakon.kz
Өткен сенбi Алматы облысында екi сұмдық жағдай болды: екi бала өз үйiнiң ауласындағы су құйылған ыдыстарда батып кеткен.

Биылғы жылдың басынан берi елiмiзде 20-дан астам бала суға батып кеткен. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде балаларды қорғау күнiне арналған баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетiнiң ресми өкiлi Руслан Иманқұлов мәлім еттi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Өткен сенбi Алматы облысында екi сұмдық жағдай болды: екi бала өз үйiнiң ауласындағы су құйылған ыдыстарда батып кеткен. Бұл ата-аналардың бейқамдығын көрсетедi. Жалпы, республика бойынша жыл сайын жүзге жуық бала суға кетедi. Биылғы жылдың басынан берi 20-дан астам бала батып кеттi», - дедi Руслан Иманқұлов.

Бұл жағдайлардың басты себебi балаларды қараусыз қалдыру болып отыр. Р.Иманқұловтың айтуынша, ата-аналар қарапайым қауiпсiздiк ережелерiн сақтауға ерекше мән беруi керек.

«Төтенше жағдайлар комитетiнiң құрылымдары Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, жыл басынан берi бiр мыңнан астам баланы жүзуге үйреттi», - деп қосты ол.

Фото: v-kurse.ru

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Как меняются правила принудительного взыскания долгов с 25 августа

"Остались считаные дни": МВД усилило меры и обратилось со срочным призывом к казахстанцам

Породы собак, которые станут вам родственной душой

В 1962 году в заброшенном селе бурили нефть, но из-под земли вырвалось совершенно другое