Елімізде айыппұл төлеу жүйесі автоматтандырылады

Zakon.kz
Өткен жылы азаматтарға көрсетілген 11 млн қызметтің 83%-ы электронды форматта жүргізілген.

Елімізде айыппұл төлеу жүйесі автоматтандырылады. Осындай қызмет көрсететін арнайы терминалдар 2018 жылдан бастап орнатылады. Бұл жөнінде халық алдында есеп берген Әділет министрі Берік Имашев айтты. Қазірдің өзінде салаға қатысты техникалық жаңашылдықтар көп, деп жазады 24.kz арнасы.

Мәселен, өткен жылы азаматтарға көрсетілген 11 млн қызметтің 83%-ы электронды форматта жүргізілген. Келешекте де осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып, халыққа қолайлы болатындай ыңғайлы жүйелер енгізіле бермек.

Берік Имашев, ҚР Әділет министрі:

- Қазіргі таңда бұл бастаманың техникалық жағы қарастырылуда. Біз 2017 жылы осындай терминалдар алу жөнінде өтініш бердік. Егер ол мақұлданса, 2018 жылдан бастап жобаны іске қосамыз.

Фото: 24.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Туристы недалеко от Медеу услышали жуткие звуки и вызвали полицию и спасателей

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков