Головкиннің қарсыластары жекпе-жек үшін 2 млн доллар алуы керек – Куиллин

Zakon.kz
Қанша айтқанмен, бұл бизнес. Кім болса да Головкинмен жұдырықтасқаны үшін 2 млн доллар алуы тиіс. Себебі, GGG – шынайы қауіпті боксшы.

Америкалық кәсіпқой боксшы Питер Куиллин орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қарсыластарына қандай ұсыныс тиімді болатыны жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Қанша айтқанмен, бұл бизнес. Кім болса да Головкинмен жұдырықтасқаны үшін 2 млн доллар алуы тиіс. Себебі, GGG – шынайы қауіпті боксшы", - деді Питер Куиллин Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) кездесуден бас тартып, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қазақстандық боксшыға берген болатын. Енді Головкинге тек WBO титулын алу ғана қалды. Ол атақ бұрын жеңіліп көрмеген британдық боксшы Билли Джо Сондерске тиесілі. Сондақ-ақ, егер қазақстандық былғары қолғап шебері аталмыш титулды иеленсе, орта салмақ дәрежесіндегі бірінші абсолютті чемпион болады. Қазіргі таңда ол WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері.

Фото: fightnews.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану