Павлодарлық полицейлер арақ құйылған пластикалық шөлмектерге толы жүк көлігін ұстады

Zakon.kz
Тексеру барысында салон мен жүк салғыш бөлігінде этил спиртінің иісі мүмкіген пластикалық шөлмектер анықталып, 800 шөлмек алынды.

Павлодарлық полицейлер "Ертіс" бақылау-өткізу пунктінде араққа толы пластикалық шөлмектердің 40 қаптамасы тиелген жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Полиция капитаны Рымбек Мағзұмов, старшина Азамат Жомарт және аға сержант Мейіржан Смағұлов 24 жастағы павлодарлық тізгіндеген "ГАЗ-3310" автомобилін тоқтатқан.

- Тексеру барысында салон мен жүк салғыш бөлігінде этил спиртінің иісі мүмкіген пластикалық шөлмектер анықталып, 800 шөлмек алынды. Көлік иесінің тасымалдаған жүкке қатысты құжаты болмаған, - деп хабарлады облыстық ІІД-де.

Нәтижесінде автокөлік айыппұл тұрағына жеткізіліп, жүкке сүргі салынды. Тексеру материалдарын полицейлер Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жолдады.

Фото: pavlodarnews.kz.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды