Премьер-Министр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан балабақшаға барды

Zakon.kz
Премьер-Министр К.Мәсімов Қарағандыдағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшаға барды.

Қарағандыда ағымдағы жылдың шілде айында 320 орынға шақталған жаңа балабақшаны ашу жоспарлануда, онда әрқайсысында 20 бала қамтылған 16 топ болады, деп жазады zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Премьер-Министрге облыс әкімінің бірінші орынбасары баяндағандай, балабақша шілде айында пайдалануға беріледі.

Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы белгіленген қарқында жүзеге асырылып жатыр, қазіргі сәтте тұрғын үй құрылысы нысандарын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысы бірнеше бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн, атап айтқанда: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры. Сонымен қатар Премьер-Министр «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есепті тыңдады.

Фото: www.diapazon.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500