Белоруссия Қазақстанға отанында ірі ұрлығы үшін іздестірілген адамды қайтарды

Zakon.kz
Байбосынов жазасының қалған мерзімін ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстанның түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Белоруссияның бас прокуратурасы аса ірі алаяқтығы үшін іздестірілген қазақстандықты Қазақстанға қайтарды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы аса ауыр мөлшерде алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі іздеу салған Владимир Ахмадиевті беру туралы шешімді қабылдады",-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ол "Строительно-монтожное предприятия–Алматы" ЖШС-нің бас директоры бола жүріп, сонымен қатар жалған тұлғалар арқылы аталған ұйымды басқара отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінің қазандығын салу барысында 310 738 014 тенге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін күдікті болып табылады.

Сонымен бірге, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 33-жасар Қазақстан азаматы А.Байбосыновты Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігі (денеге ауыр зақым келтіру) бойынша 2014 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь соты белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

"Байбосынов жазасының қалған мерзімін ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстанның түзеу мекемесінде өтейтін болады. Қазіргі уақытта айдауылданған тұлғалар Астана қаласының тергеу абақтысына қамауға алынды",-деп көрсетілген хабарламада.

Фото: obozrevatel.com

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Поздравление Димаша с 8 Марта вызвало разочарование у поклонниц

Могут ли кислотные дожди из Ирана дойти до Казахстана, рассказали синоптики

Скандал в Сети или недоразумение: Рыбакина поставила точку после инцидента на награждении

Дождь, снег и метель: синоптики рассказали о погоде на 10 марта