10 жылда Жапония Қазақстан экономикасына 4,5 млрд доллар инвестиция құйды

Zakon.kz
2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады.

10 жылда Жапония Қазақстан экономикасына 4,5 млрд доллар инвестиция құйды. Бұл туралы бүгін «Энергия болашағы және жапондық технология» атты жапондық-қазақстандық ынтымақтастық жөніндегі семинар барысында KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына салынған жапондық инвестиция көлемі 4,5 млрд долларды құрады», - деді Ұ.Қарабалин.

Оның айтуынша, инвестицияның негізгі үлесі уран өндіру және уран өнімдерін шығару салаларын қамтиды. «Дегенмен біздің елдерімізде энергетикалық, мұнай-газ салаларында, әсіресе энергия тиімділігі мен парникті газдар шығарындыларын төмендету салаларында ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар», - деді ол.

Сонымен қатар ол бүгінгі жиын алдағы уақыттағы Жапония Премьер-Министрінің Қазақстанға сапарына мығым негіз қалайтындығын, екі елдің компаниялар арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтатындығын баса айтты.

Марлан Жиембай

Фото: www.almaty.tv

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Опубликовано штормовое предупреждение на 25 октября

Рыбакина второй год подряд будет играть в финале WTA 500 в Нинбо

Выяснилось, сколько заработала Рыбакина за выход в финал турнира в Нинбо