Шымкентте тағы бір сәби суға кетті

Zakon.kz
Куәлердің айтуынша, екі жасар бала арықтың үстіне көпірдің қызметін атқарып тұрған тақтайшадан құлап кеткен.

Шымкентте тағы бір сәби суға тұншығып қалды. Қайғылы жағдай 30 маусым күні кешке болған. Қошқарата өзеніне құлаған үш жасар баланың денесін құтқарушылар тапты, деп жазады otyrar.kz.

Куәлердің айтуынша, екі жасар бала арықтың үстіне көпірдің қызметін атқарып тұрған тақтайшадан құлап кеткен. Алғашқы іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, құтқарушылардың екінші жасағы жұмылдырылды. Өзеннің тұрмыстық қалдықтармен және бұтақтармен ластануы іздеу шараларын жүргізуге кедергі келтірді. Соны тазалауға біраз уақыт кеткен.

ОҚО ТЖД бөлім басшысы Бақытқали Есеркеповтің сөзіне қарағанда, іздеу жұмыстарына 40 құтқарушы мен 8 техника тартылды. Сонымен қатар құтқарушыларға 50 полиция қызметкері көмектесті.

Түнгі сағат 23:30 шамасында құтқарушылар баланы тапты. Өкінішке қарай, сәбиді құтқару мүмкін болмады. Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын 4 жасар қыз суға батып кеткен болатын.

Ернар Балабеков

Фото: otyrar.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Как меняются правила принудительного взыскания долгов с 25 августа

"Остались считаные дни": МВД усилило меры и обратилось со срочным призывом к казахстанцам

Породы собак, которые станут вам родственной душой

Мать и сын выжили спустя 10 дней пребывания в горах благодаря странным советам из телепередачи