БҚО-да уақытша тергеу абақтысынан екі тұтқын қашып кетті

Zakon.kz
1991 жылы туған Г.М.Шестопалов пен 1996 жылы туған П.В.Черный бүгін сағат 02:30 шамасында мекеменің апаттық шығу бөлігі арқылы қашып кеткені анықталып отыр.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысынан екі тұтқын қашып кетті, деп жазады 24.kz телеарнасы.

1991 жылы туған Г.М.Шестопалов пен 1996 жылы туған П.В.Черный бүгін сағат 02:30 шамасында мекеменің апаттық шығу бөлігі арқылы қашып кеткені анықталып отыр. Осыған байланысты қазір Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Тимурлан Исмайлбаевтың хабарлауынша, П.В.Черный ұрлық және алаяқтық әрекеттерін жасады деген айып тағылса, Шестопалов қарақшылық жасағаны үшін қамауға алынған. Соңғысы бүгін Ақсай қаласындағы №10 шағынаудан аумағында қолға түсті. Ал П.В.Черныйға іздеу жарияланды.

Талғат Серікқалиұлы

Фото: vistanews.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС