ЖҚЖК-2020: Биыл Алматы облысында 40 әлеуметтік нысан жөнделеді

Zakon.kz
ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, жөнделетін ғимараттардың 15 – білім беру, 4 – денсаулық сақтау, 1 - дене шынықтыру, 5 - коммуналдық-инженерлік, 4 – транспорттық, 10 – абаттандыру, 1 - мәдениет нысаны болып табылады.

2016 жылы Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 40 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 33-де күрделі жөндеу, 7-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, жөнделетін ғимараттардың 15 – білім беру, 4 – денсаулық сақтау, 1 - дене шынықтыру, 5 - коммуналдық-инженерлік, 4 – транспорттық, 10 – абаттандыру, 1 - мәдениет нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1 мың 843 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 942 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 33 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 811 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 488 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

Еске салсақ, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

Фото: dknews.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматинская область
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Рыбакина обошла Соболенко и стала первой ракеткой мира в рейтинге WTA

Судьба дает шанс: для четырех знаков зодиака начинается новая глава

Казахстан ждут погодные контрасты: от заморозков до пыльных бурь

"Еще один шанс": новое обращение МВД к казахстанцам

Ушел из жизни Мухтар Шаханов – голос эпохи казахской поэзии