Көкшетау полицейлері бір тәулікте 3 көлікті тонағандарды ұстады

Zakon.kz
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер ұры «ВАЗ 2107» көлігінің есігін сәйкес келетін кілт арқылы ашқанын анықтады.

Көкшетау полицейлері да бір тәуліктің ішінде 3 көлікті тонап кеткен 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Полицейлердің мәліметі бойынша 28 шілде күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне «Юбилейный» шағын ауданындағы № 41 үйдің тұрғыны хабарласып, аулада тұрған көліктің ішінен белгісіз біреудің магнитола, музыкалық колонкасын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер ұры «ВАЗ 2107» көлігінің есігін сәйкес келетін кілт арқылы ашқанын анықтады. Осы күні полицияға аталған үйге көрші тұратын тағы екі адам осындай арызбен келді.

Жедел іздестіру шарасы барысында еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған жергілікті 19 жастағы жігіт қолға түсті. Сонымен қатар, оның 21 жастағы сыбайласыда ұсталды.

«Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстерінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша (тонаушылық) қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Аслан Оспанов

Фото: 112.ua


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Золото океана": ученые выяснили, что китовый "туалет" спасает морские миры

В популярных марках чая в Казахстане выявили опасные добавки

+5%: некоторым пенсионерам Казахстана объявили радостную новость

Геолог прожил в подземной пещере два месяца и "изменил" течение времени

Более 4 млн человек мобилизованы: в Венесуэле готовятся к нападению США