Павлодар облысы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша республикада үшінші орында

Zakon.kz
Биылғы жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 88,2 баллды құрады.

Павлодар облысы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша республикада үшінші орынды алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың депутаттары алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша есеп беру барысында мәлім етті.

- Биылғы жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 88,2 баллды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сегіз ұпайға артық. Сонымен қатар, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша Павлодар облысы республикада алдыңғы қатарда. Бір компьютерге бес-алты оқушыдан келеді. Аймақта мектептердің 40 пайызға жуығы ғаламтор желісіне қосылған. Жергілікті бюджеттен оқу жиһазы мен жаңа үлгідегі асхана жабдықтарын сатып алуға 145,6 млн теңге бөлінген. "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша және жергілікті бюджеттен бөлінген 1,3 млрд. теңгеге 90 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Болат Бақауов.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью