Павлодарда өтетін дуатлонға 300-ден астам адам қатысады

Zakon.kz
Ереже бойынша 25 шақырымдық дуатлонның 10 шақырымын қатысушылар жаяу жүгіріп өтсе, қалған 15 шақырымды велосипедпен жүреді.

Павлодарда өтетін дуатлон жарысына қатысуға 300-ден астам адам ниет білдірген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 4-қыркүйек күні қалада аймақ басшысы Болат Бақауов пен оның орынбасары Мейрам Бегентаевтың, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашевтың қатысуымен 25 шықырымдық дуатлон жарысы өтеді.

-Қазіргі уақытта көптеген қатысушылар медициналық құжаттарын жинап жатыр. Апта соңында шараға нақты қанша адам қатысатыны анықталады. Жарысқа қатысқысы келетін жандар медициналық тексеруден өту қажет. Мәселен қан тапсыру, электрлікардиограмманы өту, невропатолог, окулист, лор дәрігерлеріне қаралу, терапевтен анализ қорытындысын алу. Дуатлонға дайындық жұмыстары үлкен қарқынмен жүруде, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің маманы Әйгерім Байсалбаева.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш шара Торайғыров көшесі бойындағы «Сарыарқа» қонақ үйінен бастау алады. Кейін қатысушылар Кутузов көшесі бойындағы айналыс жолға дейін жүгіріп өтіп, әуежайға дейін велосипедпен барады. Бұдан әрі Ж. Аймауытов театрына келіп тоқтайды. Айта кетерлігі, дуатлон өтетін бағытта Баян батырдың, С. Торайғыровтың, Ш. Уәлиханов пен Г.Потанинның ескерткіштері орналасқан. Сондай-ақ, мемлекеттік рәмізден алаңы, Мәшһүр Жүсіп мешіті, Малайсары батыр мен Ж. Аймауытов ескертіштері бар. Ереже бойынша 25 шақырымдық дуатлонның 10 шақырымын қатысушылар жаяу жүгіріп өтсе, қалған 15 шақырымды велосипедпен жүреді.

Бейбіт Құрметбекұлы

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Опубликовано штормовое предупреждение на 21 сентября

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру

Как появилось самое радиоактивное озеро в Казахстане и можно ли там ловить рыбу