Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

Zakon.kz
Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

Мемлекетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституциямыздың 21 жылдығына орай Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Мәселен, Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.

Күмісбастау ауылындағы 1928 жылы негізі қаланған мектепті апатты деп танып, облыстық бюджеттен 272 млн 693 мың теңгеге жаңа мектептің құрылысы жүргізілді.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті.

Мерекелі күні Кемербастау ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мұндағы 1 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды. Ауыз су құрылысына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «OSER –A- Group» мердігер мекеме құрылысты уақтылы аяқтап ел игілігіне тапсырып отыр.

Мектеп заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда гуманитарлық ғылымдар тереңдете оқытылып, мемлекеттік тілде білім беріледі. Салтанатты шара соңында аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен жиналыс өткізді

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых