Д.Сатыбалды Отырардағы күре жолдардың сапасын бақылады

Zakon.kz
Басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары жол құрылысы жұмыстарына қаржы мерзімінде аударылса да, берілуге тиісті нысандардың уақытынан кешігіп жатқанын айтты.
ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Отырар ауданында болды. Облыс аумағындағы құрылысы жүргізіліп жатқан жолдардың жай-күйімен танысуды мақсат тұтқан жұмысшы тобы Отырар ауданындағы күрделі жөндеуден өткен КХ-12 «Ақдала-Шәуілдір» автомобиль жолының сапасын бақылап, «Арыстанбаб-Шәуілдір-Төрткүл» және «Шәуілдір-Көксарай» бағыттарындағы орташа жөндеуден өтіп жатқан автомобиль жолдарын көрді. Құрылыс жұмыстарының барысына қанық болған Д.Сатыбалды осы іске жауапты басқарма және мекеме басшылары мен мердігерлердің қатысуымен жиын өткізді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары жол құрылысы жұмыстарына қаржы мерзімінде аударылса да, берілуге тиісті нысандардың уақытынан кешігіп жатқанын айтты. Ең бастысы, сапаға көңіл бөлу керектігін жеткізген ол жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмаса нысандардың пайдалануға қабылданбайтынын ескертті.

Өз кезегінде, аудан әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті халық үшін ғана емес, «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбеге» келуші туристерге қызмет ететін күре жолдың маңызы зор екенін, келесі жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келетін қонақтардың ауданнан риза көңілмен қайтуы үшін жолдың тегіс те сапалы болуын ерекше назарға алғанын атап өтті.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды