ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте туылған

Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған.
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем, деп жазады zakon.kz, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді.

Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.

Еске салайық, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби туған.

Халық санының көп болуы экономика көлемінің үлкен болуына белгілі бір септігін тигізеді. Экономиканың көлемі G20 қатарына кіретін мемлекеттердің негізгі критериі болып табылады. Мысалы, Қытайда адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 6 мың доллар ғана, салыстырмалы түрде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 13 мың доллар. Бірақтан халқының көптігі олардың экономикасының көлеміне әсер етіп отыр.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в: