ОҚО-да 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.
Оңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түспек. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Мәселен инвестиция тартылған жобалардың бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан «Lotus Food Company LLC» ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда.

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр.

Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда барлық қатысушылар ойларын ортаға салып, даму жолдарын сөз етті.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в: