Ертіс ауданында екі бөлмелі үй өртеніп, 56 жастағы әйел көз жұмды

Оқиға орнынан 10 литрлік төрт газ баллон сыртқа шығарылды.
Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылында 56 жастағы әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, кеше ҚазССР көшесінде саманнан тұрғызылған екі бөлмелі үйдің ағаш құрылымдары өртеніп, қызыл жалын 180 шаршы метр аумақты шарпыған.

- Оқиға орнынан 10 литрлік төрт газ баллон сыртқа шығарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ерікті өрт сөндірушілер құрылымынан бес адам мен бір техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: