Екібастұз медициналық колледжінде уланып қалған студенттер бүгін сабаққа қатысуда

Zakon.kz
Қалалық орталық аурухананың бас дәрігердің орынбасары Амангелді Авудбаевтың айтуынша, жастардың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ және жағдайлары бірқалыпты.
Екібастұз қаласында кеше, 22-қыркүйек күні уланып қалған студенттер ауруханадан шығарылып, үйлеріне оралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық орталық аурухананың бас дәрігердің орынбасары Амангелді Авудбаевтың айтуынша, жастардың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ және жағдайлары бірқалыпты.

- Қазіргі таңда студенттер сабақта отыр. Бұл жайға қатысты сараптама жүргізіліп жатыр. Сондықтан олардың нақты неден уланғаны көп ұзамай анықталады, - дейді медициналық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәмшат Абдразақова.

Еске сала кетейік, медициналық колледждің үш студенті белгісіз затпен уланып, қалалық ауруханаға түскен. 17 жастағы екі жігіт жансақтау бөліміне жатқызылса, 20 жастағы азамат терапия бөліміне түскен.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Штормовое предупреждение на 12 марта: снег, гололед и метели накроют Казахстан

FIFA вынесла решение по поводу участия сборной Ирана в ЧМ-2026 по футболу

В КНБ отреагировали на фото с "задержанием сотрудника ДЭР"

МВД срочно обращается к родителям Казахстана из-за угрозы для подростков

У МВД появилась новая функция