Ордабасыда ардагерлер күш сынасты

Сайыстың қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, "Еңбек күні" мерекесіне орай ордабасылық ардагерлер бас қосып, күш сынасты. Әр ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жасар Ә.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеңімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердің күші анық байқалды.

Сайыстың қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлық табыстады. Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді.

Ардагерлер әрбір ауылдық аймақты бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет екендігін айтумен бірге, теңге ілу, ақ сүйек, асық ату, көкпар, тоғызқұмалақ сынды көптеген ұлттық ойындарды ауыл жастары арасында насихаттау ортақ міндет екендігіне көңіл бөлді.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в: