«Шабыт» жастар шығармашылығы фестиваліне қатысушылардан өтінімдер қабылдау басталды

Zakon.kz
Конкурсанттарды іріктеу үш турмен өтеді.
3-8 қарашада Астанада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді. Биыл конкурсанттар алты номинацияда сайысқа түседі. Байқау қорытындысы бойынша классикалық музыка, халық музыкасы шығармаларын үздік орындаушы, үздік эстрадалық вокал орындаушысы анықталады, сондай-ақ, дарынды әртістер «Бейнелеу өнері», «Үздік әдеби шығарма» және «Хореография» номинацияларында бақтарын сынайды, Астана қаласының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы хабарлайды.

Конкурсанттарды іріктеу үш турмен өтеді. Қатысушылардың репертуары мен әрбір музыкалық аспапқа арналған шығармаларды ұйымдастырушылар алдын ала белгіледі. Әрбір номинация бойынша конкурсты өткізу бағдарламасы мен өткізу орны туралы толық ақпарат www.shabyt.astana.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ, 16-дан 35 жасқа дейінгі жастар фестивальға қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 20 қазанға дейін жалғасады.

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі 19-шы рет өткізіліп отыр. Аталған шара өнер әлеміндегі маңызды оқиға болып табылады. Бұл - жас дарындарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Осы күнге дейін фестивальға өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов, ақын Қалқаман Сарин, балет әртісі Әйгерім Бекетаева, опера әншісі Айгүл Ниязова, «Меломэн» тобы, Аша Мата, Қайрат Баекенов және басқа да танымал тұлғалар әр жылдары фестивальға қатысып, Гран-при иегерлері атанған.

Айта кетейік, фестивальда тек қазақстандықтар ғана емес, шет мемлекеттердің де жастары бағын сынайды. Бұған дейін «Шабыт» фестивалінде Австрия, Израиль, Италия, Литва, АҚШ, Түркия, Франция, сондай-ақ, Белоруссия, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстан өкілдері қатысқан.

Қарашаның 3-і мен 8-і аралығында баршаға конкурсанттардың өнерін тамашалауға болады. Көрермендер үшін кіру - тегін.

Фото vechastana.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды