Алматыда стандартқа сай келмейтін 70 билборд бұзылды

Zakon.kz
Бүгінде Алматы қаласында ережеге сай келмейтін 1645 жарнама құрылымы 594 - бұзылды.
Алматыда стандартқа сай келмейтін 70 билборд бұзылды. Қала көркіне нұқсан келтіретін құрылғыларды түбімен алып тастады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Мұндай типтегі билбордтар 2015 жылғы қараша айында қалалық маслихатта қабылданған стандартқа сай келмейді. Сол кезде жергілікті депутаттар барлық жарнама құрылғылары бірдей болу керек деген шешім қабылдағанды. Алайда, жарнама компаниялары бұл шешіммен келіспеді. Сотқа арыз жазып, сот қорытындысын күтті.

Нәтижесінде, сот шешімі бойынша 6 компания көше бойындағы 70 биллбордты алып тастауға мәжбүр болды. Алдағы уақытта, қаланың барлық жерінде шаһарды көріктендіретін жаңа үлгідегі жарнама құрылғылары орын теппек.

"Бүгінде Алматы қаласында ережеге сай келмейтін 1645 жарнама құрылымы 594 - бұзылды. Осы уақытқа дейін қалада 464 жаңа типтегі билбордтар орнатылған. Жалпы, қаланы көріктендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда",- деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Руслан Керімбаев.

Фото: www.almaty.tv
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Опубликовано штормовое предупреждение на 21 сентября

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру

Как появилось самое радиоактивное озеро в Казахстане и можно ли там ловить рыбу