Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар

Zakon.kz
Қызылорда облысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсенді қатысуда.
Қызылорда облысында туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Бұл туралы облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.

"Қызылорда облысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсенді қатысуда. "Байқоңыр" кешені көрменің туристік нысандар тізіміне енген. Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығыңызды халықаралық шара кезінде Сыр еліне саяхаттауға шақырамын. Жалпы Қызылорда облысында туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Көлік-логистикалық инфрақұрылым дамыған. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің 812 шақырымы облыс аумағы арқылы өтеді. Теміржол желісі, мұнай және газ құбырлары тартылған. Облыстағы үш әуежай – оның екеуі Байқоңыр қаласында (Крайний және Юбилейный), біреуі Қызылорда қаласында (Қорқыт ата) кез-келген көлемдегі ұшақ түрін қабылдай алады", - деді Қ.Көшербаев.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов