Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық шаралары жалғасын табуда

Zakon.kz
Кештің негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Жастар сарайы» ғимаратында Халықаралық байқаулардың лауреаты — ағайынды Жүгінісовтер тұңғыш рет «Шын жүректен» атты қайырымдылық ән кешін өткізді.

Кештің негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Ағайынды Жүгінісовтер кештен түскен қаражатты Ақтөбе қаласының тұрғыны Бирзул Валерия есімді бүлдіршіннің еміне ұсынды. Осындай игі істерді енді облыстың Алға және Қандыағаш қалаларында ұйымдастыру жоспарланған.

- Бүгінгі концертіміздің мақсаты көмекке зәру жандарға қол созу болып табылады. Біз әрдайым осындай шараларды ұйымдастыруға дайынбыз. Шараны өтуіне сеғптігін тигізген ақтөбеліктерге шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді. Сондай-ақ Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен барша ел азаматтарын құттықтаймын,- деді, Ағайынды Жүгінісовтер әнші балаларының директоры Елжас Мұқанали.

Шара соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ағайынды Жүгінісовтерге өз алғысын айтты.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500