Қазақстан мен Мажарстанның авиациялық билігі арасында түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Фото: zakon.kz
Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе байланысын екі елдің белгіленген тасымалдаушылары арқылы орындауға мүмкіндік бар.

Будапеште Қазақстан мен Мажарстанның авиациялық билігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2016 жылы 24 қарашада Будапешт қаласында Қазақстан мен Мажарстанның авиациялық билігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев бастап барды.



Қазақстандық делегацияның Мажарстан Ұлттық даму министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ласло Ташомен және «Wizz Air» мажар әуекомпаниясының президенті Йожеф Варадимен болған келіссөздерде екі ел арасында тікелей әуе байланысын ашу, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құқықтық базаны жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес, Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе байланысын екі елдің белгіленген тасымалдаушылары арқылы орындауға мүмкіндік бар.

Келіссөздерді өткізу және аталған меморандумға қол қою Мемлекет басшысының Астананы қаржы орталығына айналдыру, оның ішінде «ЭКСПО 2017» қарсаңында елорданы қолжетімді көлікпен қамтамасыз етуге қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Семья за сутки перебрала 10 тонн мусора в поисках выброшенного золота

"Водителя вытаскивали из машины": жесткое ДТП произошло ночью в Алматы

Баян Алагузова обратилась к Карине Абдуллиной после награждения в Акорде

В Казахстане объявлена новая волна мошенничества: срочное предупреждение Генпрокуратуры

Первая ракетка Казахстана уступила в финале американского турнира WTA 1000