Теміртаулықтардың құтын қашырған педофил ұсталды

Zakon.kz
«Жедел іздестіру шараларының барысында 38 жасар Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды.
2 желтоқсан күні тал түсте пәтерге басып кіріп, 8 жасар қызға зорлық қылмақ болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Педофил Теміртау қаласының тұрғыны екен, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі.

Өткен аптада қарағандылықтар «WhatsApp» арқылы бір-біріне хабарлама жіберіп, Теміртауда педофилдің жүргендігін айтып, сақ болуға шақырған. Мобильдік қосымша арқылы тараған аудиожазбада ата-аналарға балаларын, әсіресе қыздарды мектептен кейін күтіп алу керектігі айталған.

«Біздің 3 А шағын ауданда мынандай оқиға болды. Міне, 19 үй, бірінші кіреберіс, әлі де көп полиция жүр. Сағат 12-ден бастап. Қыз бала, біздің балалармен қатарлас, екінші сыныпта оқиды. Пәтерге кіріп бара жатқанда, соңынан «маньяк» кірген. Баланы шешіндіре бастаған. Әйтеуір бала пәтерден қашып кеткен. Далаға солай шешінген қалпында жүгіріп шыққан. Не болғанын толық білмеймін, бірақ барлықтарыңызға ескерткім келеді. Енді балаларды мектептен қарсы алуымыз керек», - дейді аудиожазбадаға әйел дауысы.

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға 2 желтоқсан күні түске қарай болған. Теміртау қаласының тұрғыны қызымен бірге үйіне келе жатқан. Анасы дүкенге кірмек болады. Қызына пәтердің кілтін беріп, үйге жібереді. Екінші сыныпта оқитын қыз баланың отбасы тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатында тұрады екен. Балаға подъезде белгісіз бір ер адам жақындап, су сұраған. Ол пәтерге баламен бірге ілесіп кіріп, оған тап беріп, шешіндіре бастаған. Ер адам баланы іш киіміне дейін шешіндірген. Абырой болғанда қыз педофильдің уысынан сытылып шығады. Далаға іш киіммен қашып шыққан баланы көршілері көріп, полиция шақырған.

«Жедел іздестіру шараларының барысында 38 жасар Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір баланың құқығына қарсы әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Б. Құдияров.

Фото: Baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Образ Рыбакиной покорил собравшихся на вечеринке перед Miami Open

В Казахстане могут ввести новый вид пособия

Какие товары подорожают в Казахстане из-за конфликта на Ближнем Востоке

Морозы до -12°С, снег и жара до +33: каким будет апрель в Алматы

Дождь, снег и гололед: что принесет погода казахстанцам 19 марта