Қазақстандықтар интернет арқылы тауар сатып алу кезінде өте сақ болған жөн

Zakon.kz
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетіндігін және интернет желісінде жосықсыз сатушыларға қатысты көптеген теріс пікірлер бар.
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті интернет желісінде тауар сатып алу кезінде өте сақ болуды сұрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мекенжайына электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетіндігін және интернет желісінде жосықсыз сатушыларға қатысты көптеген теріс пікірлер бар екендігін тұтынушылардың назарына жеткіземіз.

Электронды қызметпен қолданатын тұтынушылардың шағымдарына сәйкес аталған субъектілер қолдануға жарамсыз, мәлімделген талаптарға, сондай-ақ моделі, өндірушісі сәйкес келмейтін сапасыз және жалған тауарларды өткізеді, сонымен қатар сатушыдан ешқандай кері байланыс жоқ.

Комитет интернет желісінде субъектілердің атауы мен сатушының (дайындаушы, орындаушы) орналасқан жері (заңды мекенжайы) туралы ақпарат жоқ интернет сайттарында тауарларды сатып алмауды сұрайды. Комитет интернет желісінде тауар сатып алу кезінде өте сақ болуды сұрайды. Қазіргі уақытта Комитет аталған бағытта шаралар қабылдау бойынша тиісті жұмыс жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Конфисковали шесть квартир, машину, активы на 280 млн тенге: ростовщика-миллиардера осудили в Казахстане

В России отменили концерт известной провокационной группы

700 полицейских и 130 экипажей выйдут на улицы Алматы: полиция раскрыла план действий на 1 сентября

Запрет на выезд, арест счетов и имущества: казахстанцам сделали срочное напоминание о важном налоге