Алматы мектептерінде жаңа жылдық шарада оқушыларға сыйлық берілмейді

Zakon.kz
20 желтоқсан - бастауыш сыныптарға арналған ертеңгіліктер мен ертегі қойылымдары қойылады.
Алматының барлық мектептерінде жаңа жылдық шара кезінде оқушыларға сыйлық берілмейді. Мұны алматылық ата-аналар желтоқсан айының басында білген. Бірақ олар оқушылардың мейрам кезінде аяз атадан тарту алғанын қалаған, деп жазады Алматы телеарнасы.

«Балаларымызға сыйлықты өзіміз сатып алып беруге дайынбыз. Біз неге сыйлық жасай алмаймыз?», - деді Күлімкөз Цибульская.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін біздің тілшілеріміз қалалық білім басқармасына жолданған сауалхатқа жазбаша жауап берілді.

«Барлық мектептерде жаңа жылдық шара ұйымдастырылатын болады. 20 желтоқсан - бастауыш сыныптарға арналған ертеңгіліктер мен ертегі қойылымдары қойылады; 21-22 желтоқсан - ортаңғы сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шара; 23 желтоқсан - жоғары сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылады. Мектеп қабырғасында сыйлықтар мен оны дайындау үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ал, өткен жылы жаңа жылдық шараны дайындауға әр мектепке жергілікті қазынадан қаражат бөлінген болатын. Жаңа жылдық сыйлықтар тек әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі», - делінген Алматы қаласының Білім басқармасының хабарламасында.

Фото: foto-basa.com

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученых озадачили башни изо льда, которые "вырастают" посреди пустыни

Безработным будут платить до 125 тысяч тенге в Казахстане: названо условие

Опасное 27 июня: во всем Казахстане объявлено штормовое предупреждение

Подсудимые по делу о взрыве в "Центре плова" отрицают свою вину

Песня казахстанского капитана полиции набрала несколько миллионов просмотров на YouTube