Өзін-өзі өртеп жіберген Майра Рысманованың ұлы тамырын кесіп жіберді

Zakon.kz
Баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасеновтің айтуынша, түрмеде отырған Ербол Ахметовтің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
ҚР Бас прокуратурасы ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жібергеннен кейін қайтыс болған Майра Рысманованың ұлы тамырын кесіп жіберді, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 8 желтоқсан күні болған.

Баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасеновтің айтуынша, түрмеде отырған Ербол Ахметовтің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал «Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр ма және қасында кім бар?» деген сауалға Хасенов жауап бере алмады.

Естеріңізге салып өтсек, 6 желтоқсан күні сағат түскі бірлер шамасында Бас прокуратура ғимаратының №2 бақылау-өткізу пунктінің жанында ашынған әйел өзін-өзі өртеп жіберді.

Куәгерлердің айтуынша, әйелдің киімі өртенген. Оны біраз уақыттан кейін көмекке келген адамдар сөндіріп алыпты.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен әйелді №1 қалалық ауруханаға жатқызды.

Куәгерлер әйел соттың шешімімен келіспегендіктен осындай қадамға барып, биліктің назарын өзіне аудартпақ болғанын айтты. Оның баласын есірткі үшін соттап жіберген көрінеді, алайда ана ұлын кінәсіз деп есептеген.

Осы оқиғадан кейін ҚР бас прокуроры Жақып Асанов журналистерге берген сұхбатында бұл мәселемен жеке өзі айналысатынын айтқан еді.

Ал ауруханада жатқан Майра Рысманова көз жұмды.

Фото: baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мороз до -17°C и снегопад обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент

Курс доллара снова вырос на торгах 8 декабря

"Шедевр": Игорь Крутой и казахстанец Alex Lim впервые выступили вместе на большой сцене

Казахстан ждет резкое похолодание до -35°C

Сильный снегопад и гололед накроют почти весь Казахстан