Туберкулезбен ауыратын 20-дан астам жамбылдық мәжбүрлі ем қабылдауға жіберілді

Zakon.kz
Тараз прокуратурасы облыс орталығындағы жағдайды жақсарту жөнінде жобаларды әзірледі.
Қалалық прокуратура ем-домнан бас тартқан тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз прокуратурасы туберкулездің ашық түрімен ауыратын тұлғалардың стационар жағдайында ем алудан бас тартып, сау адамға жұқтыру қаупін арттырғанын анықтады, - деді қала прокуроры Бекзат Сейілханов.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстан бойынша емнен бас тартқан және оқшаулануы тиіс 327 науқас анықталды, Жамбыл облысы бойынша 21 сырқат мәжбүрлі ем қабылдауға жіберілді.

Тараз прокуратурасы облыс орталығындағы жағдайды жақсарту жөнінде жобаларды әзірледі.

«Мемлекетке залалсыз сотқа дейінгі тергеу» жобасы қылмыстық тергеу органдары процессуалды шешім қабылдағанша шығынды өндіріп алу жолымен мемлекетке келетін залалды азайтуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Бекзат Сейілханов.

Фото: simptom.org

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость