СҚО-да қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Zakon.kz
Қар құрсауында қалған бірнеше жолаушы құтқарылып, қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
Қыс түскелі аймақтағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 129 адам құтқарылған. Өңірде қазір де ауа райы қолайсыз болып тұр. Шал ақын, Айыртау, Уәлихан және Ғабит Мүсірепов аудандарында жолдар жабылды, деп жазады Хабар арнасы.

Қар құрсауында қалған бірнеше жолаушы құтқарылып, қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Барлығы дін-аман. Айта кетейік, облыс аумағында қазір 230 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Ал құтқарушылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

Қайрат Садықов, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері -Қазіргі уақытта осы ауа райына байланысты Айыртау ауданындағы бірнеше бағытта жол жүру қозғалысы жабылған. Сондықтан қазіргі уақытта облыс тұрғындарына ескертіп жатырмыз.

Осыған орай ауа райы дұрысталғанша, біздің тұрғындар, жалпы облыс қонақтары жолға шығуды қысқарту керек. Өйткені бұл өте қауіпті.

Фото: khabar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана