Қостанай тұрғыны жалған диплом жасатып әкім болмақ болды

Zakon.kz
2015 жылдың қараша айында Қарасу ауданы, Қарасу ауылының әкімі қызметіне жұмысқа орналасу үшін осы жалған құжатты көрсеткен.
Қостанай облысы тұрғынына білімі туралы жалған дипломы үшін 127 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы Қарасу аудандық соты 50 жастағы Н. қатысты (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) қылмыстық істі қарады, деп хабарланды облыстық сот сайтында. Іс материалдары бойынша, 2009 жылдың күзінде Алматы қаласындағы көлік базарында Н. анықталмаған тұлғаға 350 АҚШ долларын беріп, 2006 жылдың 23 маусымында өз атына жазылған Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жалған құжатын алған.

Ол 2015 жылдың қараша айында Қарасу ауданы, Қарасу ауылының әкімі қызметіне жұмысқа орналасу үшін осы жалған құжатты көрсеткен. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік лауазымға үміткерлерді арнайы тексеруі барысында аталған дипломның жалған екені анықталды. Мұны сот сараптамасы да растады. Сот айыпкерге 60 АЕК көлемінде 127 мың теңге айыппұл жазасын тағайындады. Сот үкімі заңдық күшіне енді.

Фото:365info.kz
Костанайская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе

Трем знакам зодиака звезды приготовили год счастья, денег и любви