Ақмола облысында астыртын алтын өндіріп келген цех әшкереленді

Zakon.kz
Тінту барысында оның қорасынан үгіту аппараттары, электрлі қозғалтқыштар мен алтынды кеннен айыратын сұйықтықтар тәркіленген.
Ақмолалық полицейлер астыртын алтын өндіріп келген шағын цехты әшкереледі. Күдікті Степногорск қаласының жанындағы Ақсу кентінің 33 жастағы тұрғыны болып шықты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Тінту барысында оның қорасынан үгіту аппараттары, электрлі қозғалтқыштар мен алтынды кеннен айыратын сұйықтықтар тәркіленген. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 90 күн қамауда отыруы тиіс. Болмаса, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі қажет.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Күдіктінің бұл заңсыз кәсіппен қанша уақыттан бері айналысып келе жатқаны тергеу барысында белгілі болады. Өткен жылдың өзінде полицейлер осындай 29 астыртын цехтың жұмысына тосқауыл қойып, 100 шақты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды