Елімізде жанармайға сұраныс көбейіп келеді

Zakon.kz
Өткен жылы қаңтар-қараша айларының аралығында ішкі нарыққа барлығы 8,3 миллион тонна отын түскен.
Елімізде, жанармайға сұраныс көбейіп келеді. Бензин мен дизель импорты өткен жылы 20 мың тоннаға төмендеп, ішкі өндіріс 130 мың тоннаға артқан, деп жазады Алматы телеарнасы.

Мамандардың мәліметі бойынша, импортты қысқарту моторлы және дизельді отын өндірісінің ұлғаюына байланысты болған. 2016 жылдың 11 айының ішінде Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындары шамамен 7 миллион тонна отын шығарған.

Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 130 мың тоннаға артық. Өндірістің өсуіне қарамастан, қазақстандық тұтынушылар көлік отыны тапшылығын сезінуде.

Өткен жылы қаңтар-қараша айларының аралығында ішкі нарыққа барлығы 8,3 миллион тонна отын түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 110 мың тоннаға артық болса, 2013 және 2014 жылдардың көрсеткішінен едәуір аз.

Фото:gagauzmedia.md
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость