Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты

Zakon.kz
Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған.
Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты кешкі сағат 19:00 шамасында болған, деп жазады otyrar.kz.

Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соғысты. Іштерінде адам толы болған.

Бұл жол апатына «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының түсіру тобы куә болды. Тілшілердің көз алдында жедел жәрдем бригадалары жарақат алған 7 жолаушыны қалалық ауруханаларға алып кетті.

Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған. Қазір жол апатының орнында полиция анықтаушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде.

Фото: Ернар Балабеков

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Как меняются правила принудительного взыскания долгов с 25 августа

"Остались считаные дни": МВД усилило меры и обратилось со срочным призывом к казахстанцам

Породы собак, которые станут вам родственной душой

В 1962 году в заброшенном селе бурили нефть, но из-под земли вырвалось совершенно другое