Ақтауда бір жылда үй бағасы 39% арзандады

Zakon.kz
Өткен жылдың қаңтарында шаршы метр үй 428 100 теңге болса, бұл көрсеткіш қазіргіден 178 700 теңгеге артық.
Ақтаудағы жылжымайтын нарықта баға түсімі жалғасып жатыр. Қаңтар айында баға 3,2 пайыз жоғалтқан. Желтоқсанмен салыстырғанда шаршы метр үй 8 350 теңгеге арзандап, 249 400 теңгені құрады, деп жазады Егемен Қазақстан газеті, krisha.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кету керек, қазіргі баға жарты жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға төмен. Тамыз айында шаршы метр баспана орташа есеппен 291 520 теңге болған еді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 42 120 теңгеге көп.

Жыл бойы бір шаршы метрдің бағасы 39% арзандады. Өткен жылдың қаңтарында шаршы метр үй 428 100 теңге болса, бұл көрсеткіш қазіргіден 178 700 теңгеге артық.

Осылайша, 12 ай ішінде 40 метрлік бір бөлмелі үй бағасы 7 млн теңгеге арзандаған.

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опять +45: в какие области вернется изнуряющая жара, рассказали синоптики

Опубликовано штормовое предупреждение на 26 июля

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов

Культовый показ Gucci и главный цветовой дуэт лета-2026: чем вдохновил стилист