Республиканың үш облысында автоқозғалыс тоқтады

Zakon.kz
Таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық.
Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдарда автоқозғалыс тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін: «Омбы-Майқапшағай» күре жолының 756-900 шақырым аралығы (Семейден Қалбатауға дейін), сондай-ақ «Өскемен-Семей» тас жолының 154-198 шақырым аралығы (Шүлбіге бұрылатын жолдан Семейге дейін) жабық.

Алматы облысында ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) «Үшарал-Достық» күре жолының 83-184 шақырым аралығына (Көктұмадан Достыққа дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) Қарағанды қаласынан Балқашқа дейінгі «Екатеринбург-Алматы» жолының 1492-1858 шақырым аралығы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына жабылды.

Фото: inform.kz
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом