Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 53 адам құтқарылды

Zakon.kz
Жолда қалған жолаушылардың арасында 2 бала бар.
Қарлы боран ақтөбеліктерді әбігерге салып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 53 адамды құтқарды. Тағы 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Жолда қалған жолаушылардың арасында 2 бала бар. Түні бойы кезекшілік еткен құтқарушылар мен коммуналдық мекеме жұмысшылары 20 жеңіл көлікті қар құрсауынан алып шықты. Қазіргі таңда бірнеше бағыттағы жолдар жабық тұр. Биылғы қыс маусымында облыста 119 тұрақты жылыту бекеті ашылды. Одан бөлек, 27 көшпелі бекет кез-келген төтенше жағдайға дайын тұр. Қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Динара Атыраубаева, облыстық ТЖД бас маманы:

- Қазіргі кезде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық маңызы бар жолының Ембі-Шалқар учаскесі жабық. Сонымен қатар облыстық маңызы бар 4 жол жабық. Дөң-Бадамша, Петропавловка-Хазретовка, Ақтөбе-Родинковка-Мәртөк және«Покровка-Темір-Кеқияқ-Ембі жолдары жабық. Қазір қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Правила эксплуатации приборов учета воды изменились в Казахстане