Екі өңірде пара алған шенеуніктер ұсталды

Zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақмола облысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қалабаевтың қылмысы әшкереленді. Ол құрылыстық мердігерлік шартын жасауға жең ұшын беру үшін 2,5 млн теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда таппақ болған.

Ал Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бекеті бөлімінің басшысы С. Шегай ұсталды. Ол 5,5 млн. теңге мөлшерінде анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шаралар қолданбау үшін кәсіпкерден 3 мың АҚШ доллар пара алған.

Қазіргі уақытта екеуі де ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: Baq.kz
Акмолинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500