Алматылықтан 185 мың доза героин тәркіленді

Zakon.kz
Бұл 2017 жылдың басынан бастап тәркіленген есірткінің ең ірі көлемдерінің бірі.
Алматыда «бақылау сатып алу» әдісін пайдаланып жедел іздеу шараларын жүргізген кезде ҚР ІІМ қызметкерлері әйелді ірі партия есірткімен ұстады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА, прокуратураға сілтеме жасап.

«Сарапшылардың қорытындысына сәйкес есірткі салмағы 3,7 келіден асады, бұл «Есірткі, жүйкеге әсер ететін заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңның жиынтық кестесіне сәйкес, аса ірі партия болып табылады», - делінген хабарламада.

Әуезов аудандық сотының қаулысымен әйелге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Бұл 2017 жылдың басынан бастап тәркіленген есірткінің ең ірі көлемдерінің бірі екенін атап өткен жөн. Құқық қорғау органдарының сәтті әрекетінің арқасында 185 000 доза есірткі тұтынушыларға жетпей қалды», -деп атап өтті ведомство өкілдері.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью