Кәрім Көкірекбаев: «Туған жерге қызмет ету – ең ұлы іс»

Zakon.kz
Кездесу барысында Кәрім Көкірекбаев бірқатар үздік оқытушыларды марапаттады.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтағы дарынды балалармен, сондай-ақ, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты жиында облыс әкімі өңірдегі дарынды балалардың біліммен бағындырған жеңісті кезеңдерін атап өтті. Жамбыл облысы бірнеше жыл қатарынан дәл осы білім саласы бойынша үздік атануда. Бұл - аймақтағы оқытушылардың талмай еткен еңбегінің жемісі.

Кездесу барысында Кәрім Көкірекбаев бірқатар үздік оқытушыларды марапаттады. Сондай-ақ, осындай дарынды және білімді оқушыларды өсірген ұлағатты ұстаздар мен олардың ата-аналарына өз атынан алғыс білдірді.



Аталған жиында аймақ басшысы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзін алға тартып, өзінің өмір жолынан мысалдар келтірді.

Мектеп бітіріп, ертең үлкен өмірге қадам басасыңдар. Қай елде, қай салада жүрсеңдер де туған жерлеріңді ұмытпаңдар. Туған жерге қызмет ету – ең ұлы іс. Жолдарың болсын! Ақ жол тілеймін сендерге! - деп қорытындылады сөзін Кәрім Көкірекбаев.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В пятницу, 13-го, на Казахстан обрушится непогода

МВД срочно обращается к родителям Казахстана из-за угрозы для подростков

Космический аппарат NASA рухнул из космоса: куда и как это было

FIFA вынесла решение по поводу участия сборной Ирана в ЧМ-2026 по футболу

Ограничение движения автомобилей в Алматы: кого и как затронут новые правила