Шымкентте ер адам 15 жыл отасқан әйелін буындырып өлтірді

Zakon.kz
Күйеуінің әйелін азаптап, буындырып өлтіргеніне отбасының жақындары мен көршілері алғаш естігенде сенбеген.
Шымкентте 15 жыл отасқан әйелін заңды күйеуі өз қолымен буындырып өлтірді,-деп хабарлады Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

Күйеуінің әйелін азаптап, буындырып өлтіргеніне отбасының жақындары мен көршілері алғаш естігенде сенбеген. Себебі, сыпайы адамдарға сырттай жұрт қызыға қарайтын. Олардың төбелеспек тұрмақ, бір-біріне дауыс көтеріп сөйлегенін осы күнге дейін ешкім көрмеген екен.

2002 жылы шаңырақ көтеріп, 15 жыл отасқан ерлі-зайыптыны жоқшылық жеп, тірліктің тауқыметін тартты деуге де келмейді. Құқық қорғау органы өкілдерінің сөзіне сенсек, отбасының материалдық жағдайы өте жақсы, бақуатты болған.

Қырық жастағы ер азаматтың 35 жастағы әйелін буындырып өлтіруінің себептерін құзырлы орындар тергеп, тексеріп жатыр. Бір анығы- олардың ортақ балалары жоқ екен.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

В "Казгидромете" сделали заявление по искусственному дождю

В Китае началось строительство самого большого водного проекта в мире

Как поправки в Трудовой кодекс защитят права работников с 4 августа 2026 года