Ақтөбеде банк қызметкері 12 миллион теңгені өзіне аударып алды

Zakon.kz
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақтөбеде екінші деңгейлі банк менеджері өз есепшотына 12 миллион теңгені заңсыз аударып алған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екінші деңгейлі банк директоры өзіндік қауіпсіздік қызметі арқылы 12 миллионнан астам теңгенің менеджерге аударылғанын анықтап, хабарлама берді. Қазіргі уақытта банктің есеп бөліміндегі 35 жастағы менеджер қаладан шықпау туралы бұлтартпау шарасымен жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану