Алматы облысында ішімдікке тойып алған тәжік азаматтарының бірі екіншісін пышақтап тастады

Zakon.kz
Қазір күдікті қолға түсіп, оған қатысты тергеу тағайындалды.
Елімізге жұмыс іздеп келген келімсектер өзара қырқысып жатыр. Алматы облысында ішімдікке сылқия тойып алған қос бірдей тәжік азаматы сөзге келіспей, артынша бір-біріне жұдырық сілтеген. Көп ұзамай, тірескендердің бірі қолына пышақ алып, екінші тәжікті пышақтап тастапты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қанды оқиға осыдан бір ай бұрын Жармұхамбет ауылындағы құрылыс алаңдарының бірінде болған. Қазір күдікті қолға түсіп, оған қатысты тергеу тағайындалды.

«Аталып отырған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 1 бабының бірінші бөлімімен іс қозғалды. Болашақта аталып отырған қылмыстық іс сотқа жолданады. Осы іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сол сараптамалардың қорытындысы қалай дайын болады, іс сотқа жолданады», - деді Қарасай аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Ернат Даукен.

Анықталғаны - еңбек мигранттары елімізде заңды түрде жұмыс істеген екен. Олардың уақытша тіркеулері болыпты. Аталған іс осы айдың соңында соттың қарауына жолданбақ. Айта кетейік, Алматы облысында келімсектер арасында мұндай қылмыс жиі тіркеледі екен.

Фото: in-news.ru
Астана
Актау
Актобе
Алматинская область
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Штормовое предупреждение: опасная погода накроет ряд областей Казахстана во вторник

8 автомобилей и 17 айфонов: прокурор рассказал об арестованном имуществе Жанабыловых

Жених Соболенко дал первой ракетке мира трогательное обещание

Непредсказуемый апрель в Казахстане: заморозки, дожди и до +33°C

15-летнего подростка разыскивает МВД Казахстана