8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы облыс әкімінен грант алды

Zakon.kz
Оқушының таңдауы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне түскен.
8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы студент атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тимурбек Жамаладдинов облыс бюджетінен бөлінген грантқа ие болды. Оқушының таңдауы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне түскен.

Тимурбектің аталмыш ЖОО-да білім алуына мүмкіндік беретін арнайы сертификатты Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстады. Бүгін ерлігімен көзге түскен оқушы оқу орнына құжаттарын өткізбек.

Тимурбек - үйінің тұңғышы. Артынан екі қарындасы өсіп келеді. Өзі құтқарып қалған бүлдіршіннің отбасымен жақсы араласып тұрады. Биыл қыз бала 3-сыныпқа барады.

«Адам өз айналасындағы қылмысқа бейжай қарамауы керек. Жақсы маман болу үшін жақсы оқып, білім алуы тиіс. Барынша қоғамға пайдалы болуға тырысқан жөн», - деді Тимурбек.

Еске салайық, Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында ағымдағы жылдың сәуір айында 32 жастағы жергілікті тұрғын 2008 жылы туған оқушы қызды зорламақ болды.

Жылап, көмекке шақырып жатқан қызды сол ауылдағы Қонаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Тимурбек Жамаладдинов құтқарып қалған.

Ол қылмыскерді итеріп жіберіп, бүлдіршінді көтеріп үйіне жеткізіп салған. Күдікті сол күні ұсталды.Кейін оның қылмысы дәлелденіп, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Фото: the-steppe.com
Алматинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Искали 17 лет: из Кыргызстана экстрадировали беглого лидера ОПГ, обокравшего банк в Алматы на 183 млн тенге

Как определить возраст кошки и перевести его в человеческие годы

Сильная жара и дожди одновременно обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент – прогноз на 24-26 июня

Многодетная казахстанка погибла на глазах у детей

Сильная жара до +41°C и дожди с грозами: штормовое предупреждение объявили по Казахстану